23/10/2020
“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Алматы облысында әуе кемесін іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіру жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығуға “Қазаэронавигация” РМК ӘҚҚ Оңтүстік-Шығыс өңірлік орталығының іздестіру-құтқару жөнінднгі үйлестіру орталығының және әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің мамандары, Боралдай әуеайлағының авариялық-құтқару командасы, “Қазавиақұтқару” АҚ өкілдері және тікұшақ экипажы қатысты.
Оқу-жаттығу азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшуларды іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару қызметін қамтамасыз етуді бақылау шеңберінде өткізілді. Оқу-жаттығу түріне байланысты ТЖМ жер үсті күштері қолданылуы мүмкін.
Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес күндіз қарапайым метеожағдайларда әуе жағдайының индикаторларынан Алматы – Балқаш бағыты бойынша санитариялық авиацияның әуе кемесінен белгі жоғалып кетті, экипаж қол жетімді байланыс арналары бойынша диспетчерлердің шақыруларына жауап бермеді. ӘҚҚ қызметінің диспетчерлері қажетті күштер мен құралдарды, сондай-ақ болжамды іздестіру орнын айқындайтын іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығын хабар етті. Боралдай әуеайлағынан Боралдай әуеайлағының авариялық-құтқару командасымен “Қазавиақұтқару” АҚ кезекші тікұшағы көтерілді. Іздестіру аймағына шыққаннан кейін экипаж болжамды оқиғаның орнын анықтау үшін галсирлеу техникасын қолданды. Барлық өзара әрекеттесуші тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында оқиға орны тез табылды және “зардап шеккендер” Боралдай әуеайлағына жеткізу үшін тікұшаққа тиелді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушы қызметтердің мамандарымен брифингтер өткізілді.