15/11/2019
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және жаңа шетелдік әуе компанияларын тарту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Түркияның Стамбул қаласында Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 11-отырысы аясында Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов «Turkish Airlines» директорлар кеңесінің төрағасы Мехмет Илкер Айджи мырзамен кездесті.Тараптар бірқатар перспективалық мәселелерді талқылады. Оның ішінде жаңа бағыттардың ашылуы және қолданыстағы бағыттар бойынша Қазақстанның 11 әуежайда енгізілген (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Карағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавловск, Семей) «ашық аспан» режимі аясында рейстер санын арттыру мәселелері.
Өз кезегінде түрік тарапы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау қалаларында әуе қатынасын кеңейтуге және Қазақстанға ұшатын рейстердің санын арттыруға қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, тараптар екі ел арасында ұшуларды орындау кезінде кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдалануға шектеулерді алып тастауға келісті. Осыған байланысты, түрік тарапы Стамбул - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ыңғайлы кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдалануды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, түрік тарапы салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Стамбул -Түркістан бағыты бойынша рейстер ашуға алғашқы әуе компаниялардың бірі болып қызығушылық білдірді.Сонымен бірге, "Turkish Airlines" әуе компаниясының басшылығы Америка Құрама Штаттарының, Оңтүстік-шығыс Азия мен Еуропаның қалаларына 5-ші «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігін пысықтау ниеті туралы хабарлады.