04/06/2021
2021 жылдың 7 маусымынан бастап Түркияға рейстер саны артады, қазақстандықтар Анталияға аптасына 8 рет ұша алады.
Сондай-ақ Өзбекстанмен Алматы – Наманган, Ақтау – Нөкіс, Ақтөбе – Нөкіс, Ақтөбе – Самарқанд бағыттары бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты рейстер ашылады.
Сонымен қатар, Алматы-Минск бағыты бойынша Беларусьпен тұрақты рейстер ұлғайтылады: әр жағынан аптасына 2 рейске.
Бұл шешімдерді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша рейстерді Air Astana, SCAT, Turkish Airlines, Uzbek Airlines және Belavia авиакомпаниялары орындайды деп күтілуде.
Ұшулар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және шет мемлекеттің тиісті органдарымен келісім бойынша орындалады.