Кіру

Басты бет >
Түркістаннан ашылатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады

04/03/2021

2021 жылғы 21 наурызда “Fly Arystan” әуе компаниясы Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейсті орындауды жоспарлап отыр.

Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейс жиілігімен, жұма және жексенбі күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді.

Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз.