Кіру

Басты бет >
Түркістан қаласының жаңа әуежайы іске қосылды

28/09/2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежайдың тұсаукесеріне қатысты.


Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайын іске қосты. Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Түркістанның жаңа әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін беріп, азаматтардың авиатасымалдау қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандырады.


Жобаны іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылды, құрылыс рекордтық мерзімде аяқталды.


Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан әрі түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа да облыс орталықтарымен қосылатын болады.


Бастапқы кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр.


Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылатын болады, бұл оны ұшу географиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.


Анықтамалық:
Әуежайдың негізгі параметрлері:
Әуежай ауданы: 905 га;
Ұшу-қону жолағы: 3 300 х 45м;
Жолаушылар терминалының ауданы - 10,5 мың м2;
Өткізу қабілеті - сағатына 450 жол.