Кіру

Басты бет >
Түркістан қаласының әуежайынан алғашқы халықаралық рейс іске қосылды

21/03/2021

2021 жылғы 21 наурызда көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясымен Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейс іске қосылды.


Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейс жиілігімен, жұма және жексенбі күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді.


Билет құны 39 999 теңгеден басталады.


Ағымдағы жылдың 21 наурызынан бастап Түркістан – Ыстамбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98% жүктеу).


Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласының әуежайынан 80-нен астам рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды, рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 85%-ды құрады.


Бүгінгі күні Түркістан қаласының әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларына ішкі рейстер орындалуда және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанынан бастап Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына 53 рейс жиілігімен байланыстыру жоспарлануда.


Түркістан қаласының әуежайы шетелдік әуе компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне енгізілген, бұл оны ұшу географиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.


Түркістаннан Новосибирскіге (РФ), Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. жаңа рейстерді іске қосу жоспарлануда. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.