09/01/2023
Бүгін аппараттық кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің жаңа орынбасары Тимур Тлегеновты таныстырды.
Ол бұл лауазымға меритократия қағидаты негізінде ҚР Президенті Әкімшілігімен және ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша тағайындалды.
Тимур Тлегенов 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) "Әуе көлігін басқару" мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша үздік бітірген.
Комитет төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар және халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы болып қызметін атқарған.
2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы – халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының аға мемлекеттік авиация инспекторы лауазымдарында қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.