Кіру

Басты бет >
Ақтау әуежайында "Best Airport Service" жобасы аясында жолаушылар арасында сауалнама жүргізудің бірінші кезеңі басталады

26/04/2024

2024 жылғы 15 сәуірден бастап Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша Ақтау халықаралық әуежайында "Best Airport Service" пилоттық жобасы іске қосылды.
Мәселен, "Best Airport Service" пилоттық жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жолаушылар арасында сауалнама жүргізудің бірінші кезеңі өтеді. Жалпы, бір жыл ішінде сауалнама үш рет жүргізіледі: сәуір, тамыз және қараша айларында.
Сауалнама жүргізудегі негізгі мақсат – жолаушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызмет көрсету мәдениеті туралы пікірін білу. Жоба Ақтау қаласының әуежайында жұмыс істейтін шекаралық бақылау, кеден қызметі, полицияның желілік бөлімі, әуежай және әуе компанияның өкілдері қатысатын кешенді тәсілді көздейді.
Ақтау халықаралық әуежайнан ұшып шығушы және ұшып келуші әрбір жолаушыға сауалнамадан өту мүмкіндігі беріледі. Әуежайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Сауалнаманы өтуге мүмкіндік беретін QR коды бар арнайы плакаттар орнатылды.
Сауалнамалардың нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ақтау халықаралық әуежайымен бірлесіп, белгілі бір осал тұстарды анықтауға мүмкіндік беретін тиісті талдау жүргізеді.
Қазақстанның авиациялық билігі Ақтау қаласының әуежайнан ұшып шығушы және ұшып келуші барлық жолаушыларды сауалнамаға белсенді қатысуын сұрайды.