13/11/2025
2025 жылғы 12 қараша күніТашкентте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттерінің Көлік үйлестіру кеңесінің (КҮК) кезекті отырысы өтті.
45-ші рет өткізілген бұлшараға ТМД мемлекеттері басшылығының өкілдері және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, соның ішінде КҮК Атқарушы комитетінің төрағасы Бессонов Г.И. қатысты.
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, қазақстандық делегацияның басшысы ретінде,ТМД мемлекеттерінің аумағындағы негізгі көлік артерияларын үйлестіру концепциясын қабылдаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Аталған құжат барлық көлік түрлерінің артықшылықтарын пайдалана отырып, көлік дәліздерінің кеңеюі мен синергиясын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы теміржол көлігін, терминалдық инфрақұрылымды, авиация саласын, теңіз инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және қайта құру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.
Сөз соңында вице-министр ТМД елдеріндегі әріптестерін көлік бағыттарын белсенді дамытуға шақырып, бұл ұсыныс басқа мемлекеттердің көлік ведомстволарының өкілдері тарапынан толық қолдау тапты.