Кіру

Басты бет >
Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

13/12/2021

2021 жылғы 31 қазаннан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындайды.


Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы және Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағытта сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс орындай бастады.


Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.