Кіру

Басты бет
ҚАӘ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы

17/03/2026

Қоғам қызметкерлері мен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасы жалпы талқылауға шығарылады.

Жалпы талқылау Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

Қоғам қызметкерлеріне, сондай-ақ жұртшылық өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасымен танысу және 2026 жылғы «29» мамырға дейінгі мерзімде ұсыныстар мен ескертулер жіберу мүмкіндігі беріледі.

Жалпы талқылау нәтижелері Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерінің қарауына жатады, содан кейін негізделген ұсыныстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасын пысықтау және оны белгіленген тәртіппен бекіту кезінде ескеріледі.

https://caa.gov.kz/ru/proekt-antikorrupcionnogo-standarta