21/02/2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Директорлар кеңесі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Мақсұт Нұрболат қатысып, сөз сөйледі. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі қаралды.
Аталмыш шара Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлерінің адалдық, транспаренттілік қағидаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Мұндай кездесулерді өткізу этикалық мінез-құлық мәдениетін нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал етеді.