Кіру

Басты бет
Солтүстік Қазақстанда іздестіру-құтқару оқу-жаттығулары өтті

19/08/2025

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Солтүстік Қазақстан облысында ұшуларды іздестіру-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша үйлестіру жаттығуларын өткізді. Сценарий бойынша Петропавл қаласынан 65 км қашықтықта бортында бір ұшқыш және бес жолаушы бар орман қорын қорғау мақсатында ұшуды орындайтын имитациялық тікұшақтың авариялық қонуы.  Имитациялық авиация оқиғасы кезінде оқу-жаттығуларға тартылған барлық қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылдарын жаттықтыру қарастырылды.

Оқу-жаттығулар іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі командалық орталығы, Қазақстандағы КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік жүйесінен сигналдарды қабылдауды басқару пункті, іздестіру-құтқару ұшағы, жердегі іздестіру-құтқару және құтқару бөлімшелері арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтыды.

Петропавлда орналасқан ЖШС «Дала Эйр» іздестіру-құтқару ұшақтарының дайындығы тексерілді. COSPAS-SARSAT жүйесі таратқан координаттарды пайдалана отырып, әуе кеме күдікті апат аймағында визуалды іздеу жүргізді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында тікұшақтан авариялық-құтқару жасағының қонуы және имитацияланған зардап шеккендерді эвакуациялау, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық органдарының жерүсті авариялық-құтқару жасақтарын, медициналық қызметтерді және өрт сөндіру бөлімшелерін тарту, оқу-жаттығу операциясына қатысушылардың барлық кезеңдерінде байланыс және өзара әрекеттесу алгоритмдері жетілдірілді.

Іс-шара нәтижесінде барлық «зардап шеккендер» шұғыл эвакуацияланып, Мамлютка және Петропавл қалаларының емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Оқу-жаттығудың басшылығы Петропавл қаласы төтенше жағдайлар департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің барлық мамандарының дайындығының жоғары деңгейін, Мамлютка аудандық ауруханасы мен Петропавл қаласының көпсалалы облыстық ауруханасы қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігін атап өтті.