14/10/2020
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Sigma Aviation Services Ltd (Дублин, Ирландия) компаниясы қазақстандық әуе компаниялардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясын бұзушылықтары туралы тергеуде қатыспайтындығын және біздің сұрауымызға байланысты жақында Еуропалық Одақ қабылдаған іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылмайтынын растайды.
Бұған дейін Авиациялық әкімшілік “Sigma Airlines” ЖШС Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару-жарақ жеткізуге эмбаргоның бұзылғандығы туралы хабарлаған болатын.
Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтық әуе кемелерінің үш пайдаланушысы сертификатының, оның ішінде “Sigma Airlines” ЖШС пайдаланушы сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.
Айта кету керек, бұл бір-біріне ешқандай қатысы жоқ мүлдем екі түрлі компания. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары және мүдделі тараптардан осы ақпаратты ескеріп, қате жорамалдар жасамауды сұраймыз.