18/09/2023
2023 жылғы 18 қыркүйекте ұшқышсыз әуе кемелерін пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрдің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормалары» және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұщқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарға өзгерістер енгізілгенге дейін көрсетілген талаптарға Ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі оператордың сәйкестігі мақсатында ұшқышсыз жүйелер жөніндегі Атқарушы директивалар күшіне енеді.
Директивалар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-тарауының және 3-тарауының 23, 24, 25-тармақтарының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша ұшу-техникалық талаптар мен ұшу жарамдылығы стандарттары туралы атқарушы директивамен және ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша оқытудың талаптары мен рәсімдері туралы ұшқышсыз авиациялық жүйелер жөніндегі атқарушы директивамен танысу үшін мына сілтеме https://caa.gov.kz/kz/ispolnitelnye-direktivy бойынша өтуге болады.