Кіру

Басты бет >
Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Зайсан және Үржарға әуе рейстерінің қайта жанданғаны туралы

13/05/2020

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, ағымдағы жылғы 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балхаш, Зайсан және Үржарға ұшулар қайта ашылып жатыр.

Рейстер қазақстандық әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

  • жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар); 

  • термометрия, әуе кемесінің бортына отыруға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау;

  • әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың артатынын назарға алып, әуе компаниялары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Қазақстанның әуе компанияларына бейінді Министрлік арқылы ведомствоаралық комиссияның шешімінсіз ұшуға тыйым салынған жерлерге әуе билеттерін сатуға болмайтыны туралы жеткізілді.