Кіру

Басты бет >
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудің жаңа дағдылары

17/10/2022

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық инспекторлары Кенияның Найроби қаласындағы East African School of Aviation ICAO TRAINAIR PLUS авиациялық оқу орталығында Air Navigation Services met Inspector курсы бойынша оқудан өтті. Бұл курсты ИКАО ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша авиациялық инспекторларға ұсынған.

Курста инспекторлардың дағдыларын дамытуға бағытталған негізгі және кеңейтілген модульдер бар. Оқыту бағдарламасы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуде ұшу қауіпсіздігінің сақталуын бақылау және қадағалау аспектілерін қамтиды. Курс нұсқаушысы Кения авиация әкімшілігінің Метеорология жөніндегі авиациялық инспекторы, авиациядағы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ұлттық үйлестіруші Винстон Гичеру болды.

Курсқа 6 мемлекеттен 9 авиациялық инспектор қатысты (Қазақстан, Кения, Сауд Арабиясы Корольдігі, Судан, Эсватини Корольдігі, Мавритания). Оқу барысында ААК авиациялық инспекторлары Мақсат Тундебаев пен Аслан Қажрахымов басқа мемлекеттердің авиациялық инспекторларымен жұмыс тәжірибесімен алмасты. Оқыту қорытындысы бойынша мамандар курстан сәтті өткені туралы сертификат алды.