06/10/2021
2021 жылдың 29 қазанында онлайн режимінде "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі авиациялық медицинаның өзекті мәселелері" III Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Ұйымдастырушы - "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ. Конференцияның мақсаты - өзекті мәселелерді талқылау және азаматтық авиацияның медициналық қызметінің ұшу қауіпсіздігін, оның ішінде төтенше жағдайлар мен карантиндік режимді қамтамасыз етудегі жұмысын жетілдіру.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
-
Ұшулар қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
-
Авиация дәрігерлерін даярлау және медицина кадрларымен қамтамасыз ету.
-
Авиациялық персоналға медициналық куәландыруды жетілдіру және медициналық куәландыру арасындағы кезеңде денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу.
-
Авиация персоналына, әуежай аумағындағы және әуе кемесінің бортындағы жолаушыларға көрсетілетін авиациялық медициналық қызметтердің сапасын бақылау.
-
Авиация дәрігерлері мен авиация персоналының құқықтарын қорғау.
-
Әуе көлігінің, әуекомпаниялардың, әуе кемелерінің экипаждары мен авиамедициналық мамандардың жұмысына ықпалы.
-
Пандемия COVID-19 жағдайындағы авиамедициналық мәселелер.
-
Әуежайдың медициналық пункттерінде, әуекомпанияларда, авиациялық медициналық орталықтарда қазіргі заманғы талаптар мен санитариялық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету.
-
Ішкі және халықаралық рейстердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын және жауап іс-қимылдарын жетілдіру.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті басшыларымен, әуекомпаниялар мен әуежайлардың басшыларымен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлерімен, әуекомпаниялар мен әуежайлардың медицина қызметкерлерімен, авиациялық медицалық сарапшылармен, мүдделі ұйымдар және азаматтық авиация саласына қатысы бар басқа да мамандар диалог ұйымдастырылады.
Конференцияға қатысушылардың ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің практикалық проблемаларын, оның ішінде COVID-19 кезінде, азаматтық авиация саласындағы декреттелген топтарды ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексеру мәселелерін, карантин кезіндегі жұмыс ерекшеліктерін кеңінен қабылдауы күтілуде. Көрші елдердегі авиациялық медицалық сарапшыларменжұмыс тәжірибесімен танысу, сондай-ақ медициналық куәландыру қағидаларында білім деңгейін арттыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Конференцияның жұмыс тілі - қазақша, орысша.
атысушыларды тіркеу 2021 жылғы 29 қазанда 8-30-дан 9-45-ке дейін.
Конференцияның басталуы 10-00
Конференцияның жұмыс кестесі:
Пленарлық отырыс 10-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
Сөз сөйлеу (баяндаманы таныстыру) уақыты 15-20 минут.
Баяндама аяқталғаннан кейін жарыссөзде сөйлеу – 5 минутқа дейін.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер, баяндамамен сөз сөйлеу, төраға және баяндамашы ретінде шақырылуы мүмкін мамандар бойынша ұсыныстар Конференцияның Ұйымдастыру комитетіне 2021 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәнгілік Ел даңғ, 55/15, С 2.3 блогы. Тел.: 8 (7172) 798235. Эл.пошта: baltabek.duskinov@aaq.kz немесе Yerden.Zhakupov@aaq.kz .
Баяндама жасаған конференцияға қатысушыны таныстыру мақсатында Сізден мыналарды ұсынуды сұраймыз: Т. А. Ә., жұмыс орны / лауазымы, ғылыми дәрежелері, атақтары және т. б.
Баяндама тезистерін 2 бетке дейін түйіндемесі 10 жолға дейін 2021 жылдың 20 қазанына дейін Е.Ш.Жакуповтың атына электронды мекен-жайға жолдау қажет: Yerden.Zhakupov@aaq.kz .
Конференцияға тіркелген қатысушыларына қатысқаны туралы сертификат беріледі. Ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша ақпарат жіберілетін болады.