21/04/2021
Қазіргі уақытта еліміздің ішкі туризмінің қарқынды және серпінді дамуы жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының шекарасында орналасқан Алакөл көлі жазғы демалыс үшін жаңа “Меккеге” айналды.
Ішкі туризмнің өскелең қажеттілігіне байланысты Алматы облысының әкімдігі Үшарал әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және ұзарту бастамасын көтерді, бұл қазақстандық авиакомпаниялар пайдаланатын A-320, B-757, B-737, CRJ 200, Embraer 190 орташа магистральды реактивті әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға үкімет 4,7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Жобаның тапсырыс берушісі-Алматы облысының әкімдігі. Жұмыстар жаз мезгілінде жүргізілетін болады.
Қайта құру кезеңінде АН-24, L-410 әуе кемелерін қабылдау үшін топырақты ҰҚЖ құрылғысы көзделген, бұл жасанды ұшу-қону жолағын жөндеуге жабу кезінде әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үшарал әуежайының жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамытуға мультипликативтік әсер береді.
Қайта құру кезінде теміржол қатынасын арттыру жоспарлануда. 2021 жылдың 17 маусымынан бастап аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Достық қатынасындағы жаңа жолаушылар пойызы (құрамында 10 вагон) қозғала бастайды.
Жазғы кезеңде Нұр-Сұлтан қаласынан қолданыстағы №258/257 және №54/53 “Нұр-Сұлтан-Достық” жолаушылар поездарының құрамы әрқайсысында 2 және одан да көп плацкарт вагондарына ұлғайтылатын болады.
Сондай – ақ, Талдықорған – Қалбатау-Өскемен республикалық автомобиль жолын I санаттағы автомагистраль деңгейіне дейін қайта жаңарту жалғасуда.