19/10/2021
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) мамандарымен және АҚШ елшілігінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) сарапшыларымен кездесті.
Қазақстанның авиациялық билік орындарының шақыруымен Қазақстан әуежайларының рейстерге қызмет көрсету қабілеттілігін сертификаттау және Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе маршрутын ашу үшін CAT1 тағайындау бойынша жұмыстар басталды.
TSA мамандары Дэниел Маккуэйд, Дейл Джон Вурстен, Джаред Пол Даоча, Роберт Майкл Хукансон, Стивен Пол Ной және EXBS сарапшылары Ник Кавеллеро мен Анар Шайкенова азаматтық авиацияның қазақстандық авиациялық реттеуішінің қызметімен және әуежайлар мен әуе компаниялардағы авиациялық қауіпсіздік жүйесімен танысты.
Кездесу барысында АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде TSA аудитінен өту мәселелері талқыланды.
Кездесуде TSA және EXBS мамандары авиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді олардың Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкестігін зерттеді, авиациялық персоналдың біліктілігін арттыру бойынша консультациялар өткізілді.
Сонымен қатар, авиациялық билік органдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға тиімді бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қабілеті зерттелді.
2021 жылғы 20-29 қазан аралығында АҚШ мамандары әуежайлар периметрінің қауіпсіздік жүйесімен, аумаққа кіруді бақылауды қамтамасыз ету, әуе кемесінің бортында тамақтану қауіпсіздігін және жүк пен пошта қауіпсіздігін қамтамасыз етумен танысу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына барады.