Кіру

Басты бет
Сербияда өткен кеңесте ұшу қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды

04/11/2025

Сербияның Белград қаласында ИКАО Аймақтық ұшу қауіпсіздігі тобының оныншы кезекті отырысы Ұшу қауіпсіздігін жоспарлау жөніндегі аймақтық жұмыс тобымен бірлесіп өтті. Жұмыс отырыстарына 23 мемлекеттен 23 елдің мамандары жиналды, оның ішінде халықаралық және аймақтық ұйымның – Eurocontrol, CANSO, OEMs, IFALPA, ENCASIA және IAC өкілдері бар. Қазақстан атынан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуде Ұшу қауіпсіздік туралы ақпарат алмасудың аймақтық механизмдері бойынша ИКАО семинарының нәтижелері қаралды. Семинардың негізгі мақсаты аймақтағы ұшу қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған бірлескен күш-жігерді күшейту мақсатында бүкіл ИКАО Еуропалық аймағы үшін ұшу қауіпсіздік туралы ақпарат алмасуды және талдауды ұйымдастыру бойынша практикалық қадамдар туралы келісу болды.

Аймақтық ұшу қауіпсіздігі тобының отырысында EUR RASP 2026-2028 I томына ұсыныс, апатты тергеу талдауының нәтижелері, EUR RASP 2026-2028 II томына қатысты одан әрі шаралар қабылдау туралы ұсыныс, ИКАО 42-ші Ассамблеясының нәтижелері, EPAS 2026 бағдарламасы бойынша жаңарту, ECCAIRS2 (E2) бағдарламасы бойынша жаңарту және басқа да ұшу қауіпсіздік мәселелері талқыланды.