Кіру

Басты бет
Сенат Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға енгізілетін түзетулерді ратификациялауды мақұлдады

19/03/2026

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды. Түзетулер күшіне ену үшін ICAO-ға мүше мемлекеттердің кемінде 2/3 бөлігі (128 мемлекет) оларды ратификациялауы керек. Қазіргі таңда хаттамаларды 121-ден астам мемлекет ратификациялаған. Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен Заң жобасы мақұлданды. Мемлекет басшысы заңға қол қойғаннан кейін Қазақстан өңірде және Орталық Азияда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға түзетулерді ратификациялаған алғашқы ел болады. Бұл өзгерістерді ратификациялау Қазақстанның халықаралық авиациялық міндеттемелерді, сондай-ақ Чикаго конвенциясының мақсаттары мен принциптерін сақтайтынын көрсетеді.