Кіру

Басты бет >
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл

20/08/2021

2021 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына тура 30 жыл толады, бұл бүкіл әлемдік қауымдастықтың және жаһандық антиядролық қозғалыстың даму тарихында маңызды рөл атқарған оқиға.

Семей ядролық полигонында кем дегенде 456 ядролық сынақ жүргізіліп, бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан бұрын-соңды болмаған ядролық полигонды жабу әрекеті үшін әлемде мойындауға лайық болды. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауға шабыттандырды.

Есте қаларлық датаға Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жою қаруынан азат ету және ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.