“SCAT”, “Qazaq Air” және Южное небо” 2022 жылы субсидияланатын рейстерді орындайды
21/12/2021
2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша, оның ішінде Түркістанға 10 әуе бағытта, Көкшетау, Петропавл қалаларына 3 әуе бағыттан, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына 2 әуе бағыттан конкурс өтті.
Әуе бағыттарды субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар, бұл ретте коммерциялық негізде орындау үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін әуе бағыттарды тұрақты рейстермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2022 жылы осы әуе бағыттар бойынша ұшуларды орындауға тасымалдаушылар ретінде "SCAT", "Qazaq Air" және "Южное небо"әуе компаниялары анықталды. Әуе билеттерінің құны 9-дан 25 мың теңге аралығында.