Кіру

Басты бет >
“SCAT” əуе компаниясы 30 қарашадан бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей əуе қатынасын іске қосады

28/11/2019

"SCAT" əуе компаниясы 2019 жылдың 30 қарашасынан бастап Boeing-757 типті əуе кемесінде Алматы – Медина (сəрсенбі) жəне Алматы – Жиддə (сенбі) бағыттары бойынша ұшуларды орындауды бастайды.

Еліміздің танымал бағыттарының бірінде жаңа тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін береді. Жаңа əуе бағыт діни жəне бизнес қоғамдастықтардың өкілдеріне, сондай-ақ туристік топтарға уақытты үнемдеп, барынша ыңғайлы кестемен сапарларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы келісімге сəйкес, екі тараптың тағайындалған əуекомпаниялары əр тараптан елдер арасында аптасына 4 жолаушы жəне 3 тұрақты жүк тасымалдау рейстерін орындауға құқылы. Сауд Арабия тасымалдаушылары үшін рұқсат етілген қалалар – Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент жəне Қарағанды, ал қазақстандық тасымалдаушылар үшін Эр-Рияд, Жиддə, Медина жəне Даммам.

Қазақстандық "SCAT" əуе компаниясы 2016 жылдан бастап қажылық маусымы кезеңінде қазақстандық қажыларды тасымалдау бойынша Сауд Арабиясына тұрақты емес ұшуларды орындады.

2019 жылдың басынан бастап əуе компания Қазақстанның астанасынан Прагаға, Ұлан-Баторға, Мəскеуге жəне Токиоға тікелей халықаралық рейстерді іске қосты.