Кіру

Басты бет
Сауд Арабиясы Корольдігінің авиациялық билігімен кездесу

30/09/2025

ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Сауд Арабиясы Азаматтық авиация Бас басқармасының әуе көлігі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Атқарушы вице-президенті Әли Мұхаммед Раджабпен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы ұшу қауіпсіздігі және авиация саласын реттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар сондай-ақ елдер арасында қазақстандық және Сауд Арабиясының әуе тасымалдаушылары орындайтын тұрақты рейстерді ұлғайту мәселелерін талқылады.

«Біздің ынтымақтастығымыздың маңызды тұстарының бірі - әуе қатынасы туралы келісім. Осы жылдың тамыз айында біз барлық ішкі рәсімдерді аяқтадық және елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын дамытып қана қоймай, туризмді, сауданы және іскерлік алмасуды ұлғайтуға ықпал ететін құжатқа қол қоюға дайынбыз», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін әуе қатынасы туралы келісімге қол қою және екі тарап үшін елдер арасындағы рейстер санын аптасына 14-тен 21 рейске дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.