27/10/2021
ИКАО ұсынымдарына сәйкес 2020 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында құстар мен жабайы жануарлар тудыратын проблемалар жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, оған Қазақстанның әуежайлары мен әуе компанияларының, сондай-ақ "Қазаэронавигация" РМК өкілдері қатысады. Негізгі мақсат – әуеайлақтар аумағында және оларға іргелес аумақтарда жануарлар мен құстарды тартуға ықпал ететін қауіпті жағдайларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Үйлестіру кеңесінің жұмысы шеңберінде Эйр Астана әце компаниясының бастамасы бойынша Еуропа мемлекеттерінің әуежайларында тірі табиғатты бақылау, сондай-ақ мемлекеттік реттеу саласындағы халықаралық сарапшылар шақырылды.
2021 жылғы 19-23 қазан аралығында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мен Эйр Астана өкілдерінің қатысуымен ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етуді бағалауды жүргізу үшін шетелдік мамандардың Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларына сапары ұйымдастырылды.
Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша Эйр Астана, Скат әуе компанияларының қатысуымен Қазақстан әуежайларына арналған практикалық семинар өткізілді, оның барысында шетелдік сарапшылар әуежайларға және басқа да тартылған тараптарға әуежайлардағы жабайы табиғатты бақылау бойынша тиімді шараларды қолдану арқылы құстармен соқтығысу тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынымдар берді. Мамандар жабайы табиғатпен байланысты тәуекелдерді басқару, жабайы табиғатты бақылауды жүзеге асыру, мүдделі тараптардың деректерді құжаттау және талдау процесі туралы өз көзқарастарын ұсынды.