10/02/2023
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Қазақстанның азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі республикалық кеңес өткізілді, оған ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымдары субъектілерінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі мамандар қатысты.
Кеңесте өткен жылғы авиациялық қауіпсіздік бойынша қорытындылар шығарылды. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың АҚҚ басшылары бейнебақылау және дабылдар жүйелерін жаңғырту, периметрлік қоршауларды қайта жаңарту және авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да бірқатар іс-шаралар саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, 2023-2025 жылдарға арналған жобалар мен жоспарлар қарастырылды, атап айтқанда:
- Әуе кеңістігін пайдалану туралы заңына түзетулерді іске асыру, оның ішінде әуежайлардың АҚҚ сертификаттау процесін енгізу;
- Авиациялық қауіпсіздік қызметінің бірыңғай операторын құру;
- авиациялық қауіпсіздік саласындағы еуропалық талаптарға кезең-кезеңімен көшу (Doc 30 талаптарына сәйкес);
- заңды тұлғаларды белгілі жүк жөнелтушілер және тіркелген агенттер ретінде тануды көздейтін жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық жүйені енгізу;
- Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Әзірбайжан, Түрікменстан және Қазақстан арасында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобын құру және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою.
Қызмет нәтижелері бойынша "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ шешіміне сәйкес авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін "авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері", "авиациялық қауіпсіздік қызметінің ардагері", "кәсіпқойлығы және жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін"деген санаттар мен көтермелеулер бойынша марапаттау өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығынан алғыс хаттар табысталды.