09/10/2019
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық рейстердің санын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының және Оман Сұлтанаты авиациялық биліктері арасында екіжақты келіссөздер өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Оман делегациясын Көлік және коммуникация министрлігі Әуе тасымалдау департаментінің директоры Оман Сәлім әл-Хусейни басқарды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша ұшу үшін құқықтық база құрылды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына аптасына 14 жолаушы және 14 тұрақты жүк рейстерін орындау құқығы берілді. Осы негізде келесі жылдың наурыз айында Оман "Salam Air" әуекомпаниясы аптасына 7 рейс жиілігімен Алматы – Маскат (Оман астанасы) авиамаршруты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, келесі жылдың күзінен бастап жоғарыда көрсетілген Оман авиакомпаниясының Нұр – сұлтан-Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын ашу күтілуде.
Бұл жұмыс 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасында Оман Сұлтанаты азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді үйлестірумен жүзеге асырылады. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында енгізілген визасыз режим және жазғы кезеңде қолайлы климаттық жағдайлар Оман Сұлтандығының азаматтары тарапынан көшпелі туризмін дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, Оман тарабы өз тарапынан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесін қарастырады. Алғашқы қадам ретінде Оман тарабы Қазақстан азаматтарына электрондық виза алу мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр, ал жақын болашақта қазақстандықтар Оман әуежайлары мен басқа да шекара пункттерінде (АҚШ және басқа дамыған батыс елдерінің азаматтары ретінде) виза алу мүмкіндігіне ие болады.