18/12/2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде (ҚАӘ) Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Министрлік қызметкерлері кәсіпорындардағы жағдайды талдауды қамтитын «Салауатты жұмыс орындары» жобасын таныстырды. Аталған жобаға аурушаңдық көрсеткіштері, кадрлар тұрақтамаушылығының деңгейі, психоэмоциялық тәуекелдер және қызметкерлердің тамақтану мәселелері енгізілген.
Сонымен қатар ҚАӘ авиациялық медицина департаментінің қадағалау және бақылау қызметі барысында туындайтын, ұшулардың медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқат мәселелері, сондай-ақ авиация саласы қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, нығайту, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жетілдіру жүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Кездесу 2022 жылғы 19 шілдеде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум негізінде өткізілді.