17/07/2023
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бас директордың орынбасары Дархан Еспотановтың басшылығымен “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ-ның мамадары 2023 жылдың 10 мен 14 шілде аралығында Азербайджан, Баку қаласында өткен, Таяу Шығыс (CASP-MID) - Авиациялық Қауіпсіздік жөніндегі Бірлескен Бағдарламамен ынтымақтастықта ИКАО Еуропа/Солтүстік атлантика бюросымен ұйымдастырылған авиациялық қауіпсіздік және рәсімділікті жеңілдету (AVSEC/FAL) бойынша тоғызыншы өңірлік семинарға қатысты.
Семинар 2023жылдың 10 мен 11 шілде аралығында рәсімділікті жеңілдету бойынша блоктан және 12 мен 14 шілде аралығында әуежайдың бақыланбайтын аумағындағы қауіпсіздік шаралары бойынша семинар-практикумнан құралды.
Семинарға ИКАО Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының, Қазақстанның, Азербайджанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Белорусияның, Ирактың, Чех Республикасының, Албанияның, Сауд Арабиясының, Солтүстік Македонияның өкілдері қатысты.
Рәсімділікті жеңілдету бойынша семинардың барысында күн тәртібінде рәсімдікті жеңілдету, әуе тасымалы кезінде рәсімділікті жеңілдету бойынша ұлттық бағдарламаларды және әуежай бағдарламаларын әзірлеу бағытындағы халықаралық құралдар мәселелері және әуе тасымалы кезінде рәсімділікті жеңілдету бойынша ұлттық және әуежайлық комитеттерін құру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар семинар кезінде Қазақстан Республикасының, Албания Республикасының, Чех Республиксының және Солтүстік Македония Республикасының мысалында рәсімділікті жеңілдету бойынша талаптарды жүзеге асыру бойынша презентациялар ұсынылды. Қазақстанның тарапынан “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ-ның Рәсімділікті жеңілдету, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаментінің өкілдері “Қазақстан Республикасындағы әуе тасымалы кезінде рәсімділікті жеңілдету жөніндегі Ұлттық комитеттің даму кезеңдері/Жалпы мақсат: Кедергісіз ынтымақтастық” тақырыбында баяндама жасады.
Өткізіліп жатқан семинардың алаңында ИКАО хатшылығы рәсімділікті жеңілдету мәселелері бойынша өткен және болашақта өтетін іс шаралар туралы баяндаманың шеңберінде 2023 жылдың 6 мен 8 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтетін TRIP жолаушыларды анықтау бағдарламасы бойынша Өңірлік симпозиумның өткізілетіні туралы хабарлады.
Әуежайдың бақыланбайтын аумағында қауіпсіздік қамту шаралары бойынша ИКАО семинар-практикумы ИКАО 17 Қосымшаны енгізуге қатысатын салалардың және мемлекеттердің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшыларына арналған. Семинарда әуежай периметрін қорғау, жеке қорғаныс құралдары бойынша мәселелер, қауіп-қатер деңгейін төмендету бойынша шаралар, қауіпсіздік мәдениеті және бақыланбайтын аумақта қауіпсіздікті қамтуда мінез-құлықты айқындау (BDO) жөніндегі мамандардың рөлі, Азербайджан Республикасының әуежайларында бақыланбайтын аумақта авиациялық қауіпсіздікті қамту бойынша шаралар, әуежайдың бақыланбайтын аумағында орналасқан маңызды нысандардың тәуекелдерін бақылау матрицасы қарастырылды. Сонымен қатар Семинар шеңберінде Баку қаласындағы Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайдың бақыланбайтын аумағына келіп тәжірибелік сабақ өткізілді. Қатысушыларға ұсынымдар берілді және әлеуетті көтеру әдістері көрсетілді, нақты мысалдар келтірілді.
Семинар тақырыбы бойынша ИКАО-ның бастамасы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту мәселелерін одан әрі қарастыруға көмектеседі. Қатысушылардың тәжірибесі мен білімі Азаматтық авиацияның қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастыруға көмектеседі, ал тәжірибемен алмасу және оны қолдану ИКАО аясында авиация саласы мен мамандарын біріктіруге қызмет етеді.
Семинар нәтижелері бойынша ИКАО-ның тиісті сертификаттары берілді.