18/08/2025
Құрметті әріптестер,
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның авиациялық медицина департаментінің директоры – бас авиациялық инспекторы Құрманғалиев Қадыржан Медетұлының мезгілсіз қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймыз.
Қадыржан Медетұлы Құрманғалиев жоғары шетелдік авиациялық білімі бар, тәжірибесі мол жоғары білікті маман болды. 1989-2019 жылдары Атырау қаласында тікұшақ ұшқышы және бас ұшқыш, 2020 жылдан бастап авиация инспекторы қызметін атқарған.
Қадыржан Медетұлы тікұшақ ұшқыштарын дайындауға зор үлес қосты, әртүрлі типтегі тікұшақтарда 10 000-нан астам сағат ұшуы болды. Көптеген алғыс хаттармен және марапаттарға ие болған. 2015 жылы «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған. Құрманғалиев Қадыржан Медетұлы өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, ұжымға жанашыр болып, жастармен тәжірибесімен бөлісіп, іскерлігімен, ізгі ниетімен ерекшеленді.
Қадыржан Медетұлы Құрманғалиевтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.