07/09/2021
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі шығарылды.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінен бастап “Qazaq Air” әуе компаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Ақтөбе – Қазан бағыты бойынша рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
Ресейге рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық– эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.