30/06/2022
Ағымдағы жылдың 30 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінде «Жолаушыларды темір жол және әуе көлігімен тасымалдау: кешігулер, бағалар және сервис сапасы» тақырыбында брифинг өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын ірі қазақстандық әуе компаниялардың өкілдері қатысты.
Брифингте қатысушылар қазіргі уақытта жолаушыларды алаңдатып отырған әуе тасымалдарына қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева азаматтық авиациядағы басты басымдық жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі болып табылатынын және авиакомпаниялар, оның ішінде қосымша шығындарды болдырмау мақсатында жолаушыларды қауіпсіз жерге уақтылы жеткізуге мүдделі екенін хабарлады. Сондықтан кідірістер көптеген себептерге байланысты: әуе кемесінің техникалық ақаулығы, ауа-райының күрделі жағдайлары және басқалары. Осыған орай рейстердің кешігуі әуе тасымалында айтарлықтай құбылыс болып табылады.
Әуе компанияның тарапынан рейс кешіккен жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы кідіріс ұзақтығына байланысты тегін негізде: екі рет қоңырау шалуға, салқын сусындарға, ыстық тамаққа, қонақ үйде тұруға, сондай-ақ қонақ үйге дейін және әуежайға кері қайтуға міндетті. Сонымен қатар, кешіккен әр сағат үшін тасымалдаушы билет құнының 3% мөлшерінде айыппұл төлейді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, әуе компания 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында рейстің кешігуі жөнінде айыппұл төлемегені үшін, әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі қарастырылуда.
Қазақстан Республикасындағы халықаралық практикаға сәйкес баға белгілеуді реттеудің күші 2016 жылы жойылды, сондықтан әуе компаниялар әуе билеттердің бағасын дербес қалыптастырады.