Кіру

Басты бет >
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты

08/10/2020

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының құрылысы барысымен танысты.


Жоба инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («СКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.


«СКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, сондай-ақ құрылыс кезінде пайдаланылатын заманауи материалдар, оның ішінде отандық өндірістің үлесі туралы баяндады.


Жаңа терминал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес салынуда. Жоба жүзеге асқаннан кейін қала тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Анықтамалық:

Жаңа жолаушылар терминалының параметрлері:
ауданы – 35 000 ш. м;
4 қабатты ғимарат;
өткізу қабілеті – 2000 жол/сағ;
телескопиялық траптар – 4 бірлік;
багажды тіркеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
тіркеу тағандары – 24 бірлік;
лифтілер – 9 бірлік;
эскалаторлар – 13 бірлік.