Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
Басты бет
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Хуснутдинов Халил Ғалиұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

31/08/2021

Халил Ғалиұлы “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Жеңіл әуе кемелері жөніндегі басқарма басшысы – Бас авиациялық инспекторы болды.


Үлкен кәсіби және еңбек сіңірген авиатор, авиация саласында 57 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары КСРО азаматтық авиациясында және Қазақстан әуе компанияларында командалық-басшылық лауазымдарда жұмыс жасады, Ми-1, Ми-4, Ми-8 тікұшақтарының командирі болды.


Азаматтық авиация комитетінде Хуснутдинов Халил 2019 жылдан бері еңбек етіп келеді.


Кәсібилігі, еңбек жетістіктері және азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық награда – “Құрметті авиатор” төсбелгісімен марапатталды.


Халил Ғалиұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.