Кіру

Басты бет
ҚР авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы

19/12/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы КМ Азаматтық авиация комитеті, Авиациялық әкімшілігі, мемлекеттік және қадағалау органдарының өкілдері, сондай-ақ комиссия құрамына кірген авиация саласының өкілдері қатысты.
Отырыста 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, азаматтық авиация саласындағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін бағалауға бағытталған ИКАО-ның алдағы аудиті талқыланды.
Мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру, авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық әуежай комиссиялары жұмысының тиімділігі мен формальдылықты жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің шекара қызметі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлардың перрондарды тексеру кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмысты жақсартуға және жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған шешімдер қабылданды. Азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысын 2025 жылдың бірінші тоқсанында өткізу жоспарланған.