Кіру

Басты бет >
Qazaq Air басшысымен кездесу

18/10/2022

Бүгін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Каталин Раду Qazaq Air басқарма төрағасы Еркін Наурызбаевпен кездесті.


Кездесу барысында авиациялық қауіпсіздік, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, авиарейстер санын ұлғайту және әуежайлардың инфрақұрылымы сияқты мәселелер талқыланды.


Сонымен қатар, Qazaq Air авиакомпаниясының қызметін стандарттарды сапалы енгізу саласындағы халықаралық талаптарға және ИКАО ұсынған практиканы азаматтық авиация саласындағы стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жұмысқа баса назар аударылды.


Тараптар қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

Анықтама:
QAZAQ AIR – елдегі байланысты дамыту үшін ең жақсы шешім. Өңіраралық авиакомпания Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ең жас флотқа ие. Компания Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған. Авиакомпания 2018 жылдан бастап IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарттары бойынша сертификатталған. IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мүшесі.