Кіру

Басты бет >
Qatar Airways Қазақстанға рейс ашады

03/11/2021

2021 жылдың 19 қарашасынан бастап Qatar Airways Қазақстанға Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 типті әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындау жоспарлануда.

Екі ел арасында тұрақты әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.