Кіру

Басты бет >
Питер Гриффитс «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

19/02/2020

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Жалғыз Акционерінің шешімімен Питер Гриффитс Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Питер Гриффитс 2019 жылғы тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. Ол Ұлыбритания Көлік Министрлігінің Азаматтық Авиация Департаментін басқарды және Ұлыбританияның Азаматтық Авиация Агенттігінің (UKCAA) жұмысына жетекшілік етті.

EasyJet Luton компаниясының ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі директоры болды. Ол Сауд Арабиясында жаңа лоукост Nas Air (Flynas) авиакомпаниясын іске қосу жөніндегі жоба жетекшісі болды. Ол Airbus 320 және Boeing 737 ұшақтарында командир ретінде ұшқан.

Бірнеше жылдар бойы ол Еуропалық Комиссияда басшылық қызметтер атқарды. Питер Гриффитс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Еуропалық аймағының вице-президенті болды және азаматтық авиацияның әртүрлі коммерциялық ұйымдарын басқарды.