Кіру

Басты бет >
Пандемия кезіндегі авиациялық қауіпсіздік шаралары

20/07/2020

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде азаматтық авиация субъектілері үшін «Қазақстанның авиация саласын қалпына келтіру шаралары» бойынша вебинар өтті. Вебинардың негізгі бағыты авиациялық саланы қауіпсіз және тиімді түрде қайта іске қосу жөніндегі іс-шараларды қарастыру. Вебинарға отандық және шетелдік әуе компаниялардың, әуежайлардың, авиациялық оқу орталықтарының өкілдері қатысты. Әлемдік авиация индустриясы коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен салалардың бірі. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) болжамына сәйкес, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында әуе компаниялар ұсынатын орындар саны 56%-ға қысқарады, сондай-ақ тасымалданатын жолаушылар саны 593 миллионға азаяды. Сонымен бірге әуе компаниялардың операциялық шығындары 132 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Инфекция таралуының жағымсыз салдары Қазақстанның азаматтық авиация саласына әсер етті. Бүгінгі күні барлық тұрақты ішкі рейстер жабылды және барлық халықаралық рейстердің 99% -ы қысқартылды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пандемия салдарын азайту және Қазақстанның азаматтық авиация саласын қалпына келтіруге дайындақ жұмыстарын жүргізуде.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының ағымдағы жылғы 22 наурыздағы № 101 бұйрығына сәйкес келесі куәліктер мен сертификаттардың жарамдылық мерзімі 90 күнге дейін ұзартылады:

  • төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде мерзімдері аяқталатын авиациялық персоналдың куәліктер, біліктілік және арнайы белгілер;

  • Авиациялық оқу орталықтары сертификаттары мен авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер;

  • азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификаттары және авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер;

  • азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары.

Процедуралар erc@caakz.com арнайы электронды мекен-жайы арқылы жүзеге асырылады.

Уақытша процедуралар ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, әуе компаниялардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» заңнамасының талаптарын сақтауын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе ИКАО ұсынған және бүкіл әлемде қолданылатын процедураларға сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ вебинарда Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау тәсілдері және риск факторлары талқыланды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан мұқият бақылау жүргізу авиация саласын мемлекеттік реттеудің халықаралық үздік тәжірибесін қолдана отырып, тиімді процедураларды әзірлеуге қолдау көрсетеді.