Кіру

Басты бет >
Отбасы күні

12/09/2021

Отбасы - барлық адамдардың бақытты өмірінің негізі. Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылы бекітілді және содан бері қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. 2021 жылы бұл күн 12 қыркүйекке сәйкес келеді.

Елбасы кітапханасы рухани-мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, ұрпақтар арасындағы дәнекер ретіндегі отбасы ошақтарының маңызы мен құндылығы туралы бейнеролик дайындады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Үйге бақыт әкелетін безендіру емес, ондағы тәртіп, отбасындағы өзара сыйластық пен келісім» деген.

Тек 2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 100,5 мың бала дүниеге келген.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан халқы тарихи белестен өтті: Алматы облысының тұрғыны Жәния Азаматқызы 19 миллионыншы азамат атанды», - деп мақтанышпен атап өтті Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев.

Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Бақытты отбасы – гүлденген Қазақстан!