Кіру

Басты бет
Отан қорғаушылар күніне орай Көлік министрлігінде сала қызметкерлері марапатталды

06/05/2026

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде көлік саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға құрмет көрсетілді.

Салтанатты рәсім барысында сала қызметкерлері мен үздік мамандарға ведомстволық жоғары марапаттар — «Үздік автокөлікші» және «Үздік жолшы» төсбелгілері, сондай-ақ Құрмет грамоталары табысталды.

Марапаттар көпжылдық кәсіби еңбегі, адал қызметі, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан зор үлесі, сондай-ақ жоғары нәтижелері мен белсенді кәсіби қызметі үшін берілді.

Марапатталғандардың қатарында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Ұшқышсыз авиациялық жүйелер департаментінің директоры Владимир Кошманов бар. Оның жетекшілігімен ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларға мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, қауіпсіздік талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, аталған саланың дамуына ықпал етілуде.