Кіру

Басты бет
Орталық Азия мемлекеттерінің Көлік министрлерінің үшінші кездесуі аясындаТашкент коммюникесі қабылданды

13/11/2025

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Орталық Азия мемлекеттерінің Көлік министрлерінің үшінші кездесуіне қатысты. Дәстүрлі түрде өтетін бұл іс-шара ОА мемлекеттері басшыларының консультациялық кездесулері аясында ұйымдастырылды. Қазақстан делегациясы атынан сөйлеген вице-министр тұрақты транзитті қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті, соның ішінде ТКХБ және «Солтүстік–Оңтүстік» дәліздерін дамыту мәселелері қаралды. Кездесуге қатысушылар өздерінің ұлттық көлік дәліздерін дамыту үшін күш біріктіру қажеттілігін қолдап, Орталық Азия елдерінің сенімді серіктес ретіндегі ұстанымы маңызды екенін атап өтті.