Кіру

Басты бет
Олжас Бектенов танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды

09/06/2026

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туристік объектілердің халық үшін көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың тарапынан танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиындығы туралы шағымдар келіп түсуде. Әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады»,
 — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Көлік министрлігіне әуе компаниялары және «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстерді және орындар санын арттыру шараларын қабылдау тапсырылды.