Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы ұшулар қайта жанданғанан кейінгі алғашқы рейстер орындалды
01/05/2020
Бүгін Қазақстан әуе компанияларының Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы ұшулар қайта жанданғанан кейінгі алғашқы рейстері орындалды.
Рейстер азаматтар денсаулығының қауіпсіздігі үшін барлық процедураларды сақтай отырып, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толықтай сәйкес орындалды.
Әуекомпаниялардың әуе кемелері ұшуға рұқсат етілген орындардың жүктемесі 90 пайыздан асты. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы ұшулар қайта жанданғанан кейінгі алғашқы күні 700-ге жуық адам әуекомпаниялардың қызметтерін пайдаланды.