Кіру

Басты бет >
Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында әуе рейстерін қайта бастау туралы

03/11/2021

2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.


Нәтижесінде "Эйр Астана" әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.