13/12/2024
Көлік министрлігінде кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.
Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу қағидаларының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.
Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастыруға байланысты проблемалар талқыланды.
Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.