Кіру

Басты бет >
Монреаль қаласында Қауіпті жүктер жөніндегі сарапшылар тобының 29 отырысы өтуде

16/11/2023

2023 жылғы 13-17 қараша аралығында Монреаль қаласындағы ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының Штаб-пәтерінде қауіпті жүктер жөніндегі сарапшылар тобының (бұдан әрі – DGP) жиырма тоғызыншы отырысы өтуде, оған «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ формальдылықты оңайлату, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаментінің қауіпті жүктер жөніндегі басқармасының авиациялық инспекторлары, басқарманың басшысы Данияр Қаңлыбаев және аға авиациялық инспекторы Тимур Орынбеков қатысуда.

DGP-нің 29-шы отырысы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жүйесін жетілдіру бойынша сараптамалық топтың ұсынымдарын орындауға ұмтылуға негізделген. Айта кету керек, қауіпті жүктерді тасымалдауға қатысатын халықаралық сарапшылармен және басқа ұйымдармен ынтымақтастықта дайындалған топтың ұсынымдары мен шешімдері тұрақты негізде жаңартылып отырады және дамып келе жатқан технологиялар мен жаңа қауіпті бұйымдар мен заттардың пайда болуын ескере отырып, жағдайдың динамикасын, білімі мен туындайтын проблемаларын көрсету үшін мемлекеттерге беріледі.

ИКАО-ның 18-қосымшасына (Қауіпті жүктерді әуе көлігімен қауіпсіз тасымалдау) соңғы түзету 2017 жылы енгізілгенін ескере отырып, аталған DGP отырысына халықаралық техникалық сарапшылардың едәуір саны қатысты. Өткізілген сессиялар барысында ИКАО-ның қауіпті жүктерді әуе арқылы тасымалдау кезіндегі тәуекел факторларын төмендету бойынша жаңартылған ақпараты ұсынылды.

DGP жұмыс істеу кезеңінде мынадай мәселелер қаралды - ИКАО-ның қауіпті жүктер туралы ережелерін БҰҰ ұсынымдарымен үйлестіру, қауіпті жүктерді, оның ішінде литий батареяларын әуе көлігімен қауіпсіз тасымалдау бойынша тәуекелдерді басқару, мемлекеттің бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерін егжей-тегжейлі айқындау, қауіпті жүктер туралы қайта қаралған ережелермен техникалық нұсқаулықтар мен ілеспе құжаттарды дайындауға көмек көрсету мақсатында DGP жұмыс материалдарын үйлестіру.

DGP шеңберінде қазақстандық делегация ИКАО-ның Монреальдағы кеңсесінің өкілдері, ИКАО-ның қауіпті жүктер бағытына жауапты, яғни қауіпті жүктер бөлімінің басшысы доктор К.Руни және DGP хатшы Линн МакГуиган тұлғаларымен кездесу өткізді.

Қазақстандық мамандардың DGP жұмысына қатысуы сала алдында туындайтын қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты жалпы проблемаларды шешуде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ өзара іс-қимылды нығайтуға және халықаралық сарапшылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, құрамына отандық әуежайлардың, авиакомпаниялар мен жүк жөнелтушілердің, сондай-ақ пошта операторының өкілдері кіретін қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы мәселені әзірлеуде.