Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
Басты бет
Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

03/10/2026

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің Беларусь Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына, сондай-ақ «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің жұмысына қатысты.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мүше мемлекеттердің көлік байланысын одан әрі дамытуға, халықаралық көлік дәліздерінің әлеуетін арттыруға, интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін кеңейтуге, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және логистикалық тізбектерді жетілдіруге ерекше назар аударылды.